Түркістан облысының полицейлері көпбалалы аналарға көмек көрсетті

10 Қараша 2020, 17:20
1164
Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері көпбалалы аналарға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық қасиеті бойларынан табыла білген облыс полицейлері сын сағаттарда аз қамтылған отбасыларға барынша материалдық көмек көрсетіп, қолдау танытуда.

Бұл туралы Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үнемі мерекелер қарсаңында көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге асығатын полиция қызметкерлері, елімізде карантин  жарияланғалы бері ізгілікті ту еткен іс шараларын одан әрі де жалғастыра түсті. 

Мәселен,  Мақтаарал ауданының полицейлері бір қойды құрбандыққа шалып,  үш бөлікке бөліп, қосымша азық-түлік өнімдерімен қоса жағдайы төмен, яғни Мақтаарал ауданының тұрғындары отағасынан жастайынан жесір қалған 3-баланың анасы М.Исламова және С.Ибрагимоваға және 5-баланың анасы (отағасы түзеу мекемесінде) отбасыларына барып  хал-жағдайын сұрап, үлестіріп берді. 

Осындай игі іс-шараларды Мақтаарал аудандық полиция бөлімі алдағы уақытта  ай сайын  ұйымдастырып  тұрмақ. 

Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды өздеріне парыз еткен ел қорғандары, жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрін  алға тартып, қазіргі кезде қайырымдылықты іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.


Өзгелердің жаңалығы