Оқытушылардың жалақысы қанша теңгеге өсті?

10 Қараша 2020, 13:11
2665
Бөлісу:
Оқытушылардың жалақысы қанша теңгеге өсті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының айлығы 160 мың теңгеден 210 мың теңгеге, ұлттық университет оқытушыларының айлығы 280 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

Оның айтуынша, оқытушылар айлығының көтерілуі білім сапасына оң әсерін тигізіп, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді. Вице-министр оқытушылар жалақысын көтерілуі биыл грант құнының қымбаттауымен байланысты екені еске салып өтті. Сондай-ақ, ол биыл университеттерге грант бөлу талаптары күшейтілгенін айтты.

Биыл 36 оқу орнына грант орналастыруға тыйым салынды. Оның негізгі себебі жұмыспен қамту көрсеткішінің төмендігі, құжатттағы мәліметтердің сәйкессіздігі, білім беру сапасының жеткіліксізді. Нәтижесінде 53 мыңнан астам грант ҰБТ негізінде тағайындалды, - деді ол.

Оның айтуынша, университеттерге грантты бөлумен құрамында қоғамдық ұйым өкілдері, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдерінен құралған республикалық комиссия айналысады.

Өзгелердің жаңалығы