ШҚО-да карантин 25 қарашаға дейін ұзартылды

10 Қараша 2020, 17:31
1646
Бөлісу:
ШҚО-да карантин 25 қарашаға дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Гүлайым Тагаева Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2 - тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 11 қарашадағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 25 қарашадағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылады. 

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 

«Қалалар мен аудандар әкімдері: 

1) Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтау;
2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асыру;
3) Халыққа жеке меншік үйлер мен құрылыстарда сонымен қатар жалға алынған үйлер мен құрылыстарда корпоративтік, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілмеуіне бақылауды қамтамасыз ету;
4) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын волонтерлердің жұмысын жалғастыру;
5) пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиумдарды басқару органдарымен және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп:
- кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізу және ылғалды жинау;
- аула және балалар алаңдарының аумақтарына күнделікті жинауды жүргізу барлық жабдықтарды, шағын сәулет нысандарын балалар алаңдары мен оларға іргелес аумақтарды кестеге сәйкес дезинфекциялау құралдарымен дезинфекциялық өңдеу;
- дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыру;
6) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуді азайту;
7) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимараттар үй-жайларында, қоғамдық көлікте, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың барлық елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыру жүзеге асырылсын», делінген.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы