Тұмауға қарсы екпе жұмыстары аяқталды

10 Қараша 2020, 19:52
1381
Бөлісу:
Тұмауға қарсы екпе жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қарулы Күштерінде тұмауға қарсы екпе жұмыстары аяқталды. Ол жыл сайын күзгі-көктемгі кезеңде өткізіледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Вакцина мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері және (тыныс алу органдары мен жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар) адамдарға егіледі. Осы санаттарға жатпайтын әскери қызметшілер тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емханада екпе ала алады. 

Қазіргі заманғы тұмауға қарсы вакциналар - тұмаудың алдын алудың ең тиімді, қарапайым және қауіпсіз құралы. ҚР ҚК жеке құрамын иммундау үшін шетелдік вакцина қолданылды. Ол алдыңғы эпидемиялық маусымдағы тұмау вирусының штамдарынан қорғайды. Вакцинациядан кейін 6 айдан 12 айға дейінгі иммунитет қалыптасады. Екпе алған адам тұмаумен ауырса да, ауру жеңіл түрде, яғни пневмония белгілерінсіз өтеді.

Вакцинация тұмау вирусының эпидемияны тудырмауы үшін, бірақ ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға да қажет екенін есте ұстаған жөн. Әскери қызметшілер неғұрлым көп егілсе, вирустың әскери ортада таралу мүмкіндігі соғұрлым аз болады.
 

Өзгелердің жаңалығы