Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

10 Қараша 2020, 12:11
1615
Бөлісу:
Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты.

Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында. Өздеріңіз білетіндей, жазда науқастар санының күрт өсуіне байланысты ауруханалар мен провизорлық орталықтарда дәрілік препараттардың тапшылығы пайда болды. Қазір бүкіл әлемде тұрақсыз жағдай. Біз пандемияның алғашқы толқынынан қорытынды жасадық. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша мынадай бірқатар шұғыл шара қабылданды. Ең алдымен, барлық медициналық ұйымдарда тұрақты толықтырылатын айлық қорды қалыптастыру, - деді ол. 
 

Ерхат Есқалиевтің айтуынша, бүгінде бірыңғай дистрибьютор 20 млрд теңге сомасына 91 дәрі-дәрмек түрін түсірген, олар үнемі жаңарып отырады. 
 

КВИ-мен, пневмониямен ауыратын науқастарды тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Бұл бес тегін ыстық түсіретін препарат: парацетамол, ибупрофен және антикоагулянттар. шамамен 2 млрд теңге сомаға 1 млн адамды қамту жоспарлануда, - деп атап өтті спикер. 
 

Сондай-ақ, ол коронавирустың жаңа толқынына дайындық мақсатында бірыңғай дистрибьютор COVID-19 бойынша екі айлық азаймайтын резервтің қалыптастырылғанын айтты. 
 

Коронавирустық инфекциясы бар шамамен, 60 мың пациентті емдеу үшін стационарларда дәрілік заттардың 44 атауы сатып алынады. Препараттардың бұл тобы бір-бірін алмастыра алады және аурудың деңгейіне байланысты дәрігер тағайындайды. Қазіргі уақытта осы 44 түрлі дәрі-дәрмектің 39 түрі сатып алынды. Гуманитарлық көмек аясында осы резервке қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесі қосымша пысықталуда, - деп атап өтті Е.Есқалиев.
 

Басқарма төрағасы төмендетілмейтін қор көлемі бекітілген кестеге сәйкес бірыңғай дистрибьютордың 4 хабына жеткізілетінін мәлімдеді.
 

 

 

Пайыздық қатынас бойынша алсақ, Алматы - 35%, Нұр-Сұлтан - 30%, Ақтөбе - 15%, Шымкент - 20%. Төмендетілмейтін қор Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы негізінде медициналық ұйымдардың өтінімдерінен тыс қалыптастырылған және нақты өңірде нақты позициялар бойынша ауру тұтанған жағдайда пайдаланылатын болады. Пайдаланылған көлем жедел түрде қосымша сатып алумен толықтырылып отырады. Бізге іс жүзінде осы циклды толықтыру үшін екі ай жеткілікті, - деп қорытындылады спикер. 


 

Өзгелердің жаңалығы