Елордада «Сергек» камералары арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 43% азайды

10 Қараша 2020, 22:36
1422
Бөлісу:
Елордада «Сергек» камералары арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 43% азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 2017 жылдан бастап «Сергек» камералары жұмыс істейді.

Олар жүргізушілерді қадағалап қана қоймай, көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мәселен, полиция департаментінің мәліметінше, биыл тоғыз айда жалпы 334 ЖКО тіркелген, 2019 жылы осы кезеңде көрсеткіш 469 болған.

Цифрландыру басқармасының мәліметінше, жоба басталғаннан бері яғни 2017 жылдан бастап ЖКО саны 43% (448-ден 285-ке дейін) азайды, қаза болғандар 55%, жарақат алғандар 36% (482-ден 320-ға дейін) азайды.

Елордада жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы