Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек – Тоқаев

10 Қараша 2020, 16:57
1609
Бөлісу:
Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік турбуленттік үш жауыздықтың, атап айтқанда сепаратизм, терроризм мен экстремизм күштерінің бас көтеруіне әкеп соқты. Өршіп бара жатқан қауіптерге деген біздің ұйымның орынды жауабы – сепаратизм, терроризм мен экстремизмге қарсы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық бағдарламасын интернетте де белсенді түрде жүзеге асырудан көрініп тұр. Қоғамдық және экономикалық салалардың онлайн режимге өтуі – киберқауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын алға шығарады. Сол себепті біз жедел түрде ШЫҰ Аймақтық Терроризмге қарсы Құрылым аясында (ШЫҰ ТҚҚА) Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек деп есептейміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында. 

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңес отырысына қатысты.


Өзгелердің жаңалығы