Алматыдағы бөлшек сауда айналымы 2,4 трлн теңгені құрады

10 Қараша 2020, 12:17
1459
Бөлісу:
Алматыдағы бөлшек сауда айналымы 2,4 трлн теңгені құрады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында Алматы экономикасының статистикалық мәліметтеріне тоқталды.

Оның айтуынша, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қалада жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 196 мыңды құрайды. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,4% - ды құрайды.

2020 жылғы қаңтар-маусым айларында шағын орта кәсіпкерлік өнімінің көлемі 3,5 трлн теңгені құрады. Шағын орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 596 мың адамды құрады, Шағын орта кәсіпкерліктің үлесі салықтарда-52% құрады, - деді ол. 

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы қолданыстағы бағаларда 712,3 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі (үй шаруа шылықтары секторын қоса алғанда) өндірілген, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейге қарағанда 103,2% - ды құрайды.

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 608 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,5% артық. Алматы қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары пайдаланған негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі республикалық көлемнің 7,3% құрады, - деді Қошмамбетов. 

Сонымен қатар ол 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда айналымы 2,4 трлн теңгені құрағанын жеткізді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,7% - ға азайған.

Өзгелердің жаңалығы