Алматыда курьердің велосипедін ұрлағандар ұсталды

10 Қараша 2020, 13:57
2101
Бөлісу:
Алматыда курьердің велосипедін ұрлағандар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы полициясы азық-түлік таситын курьердің велосипедін ұрлаған адам ұсталғанын хабарлады.

Алматыда азық-түлік жеткізушісі болып жұмыс істеп жүрген Рүстем Тоқмалдиновтің велосипедін бар-жоғы 5 минуттың ішінде ұрлап әкеткен. Ол велосипедін тез тамақтану желісінің кіреберісіне қалдырып, тапсырысты алу үшін ішке еніп кеткен. Айтуынша, ол асығыс болғандықтан қауіпсіздік тросын бекітпеген. Тапсырысты ала сала шыққан жәбірленуші бес минут ішінде велосипедінен айырылғанын түсінген. 

Мен дереу «102» нөміріне қоңырау шалдым, бейнебақылау камераларының жазбасын мекеменің әкімшісінен алдым. Велосипедімді ұрлау сәті сол жерде жазылған. «Буран-219» нөмірлі патрульдік экипаждың тез келгеніне қатты қуандым. Келген полиция қызметкерлерімен біз аймақты қарауға шықтық. Тұрғын үйлердің бірінің жанынан біз бейнежазбадан көрген менің велосипедімді ұрлаған жігітті таптық. Ұсталған кезде ол менің велосипедімді 7 мың теңгеге сатып үлгерген, бірақ оның нақты құны 200 мың теңгені құрайды. Велосипедтің көмегімен ақша тауып жүргендіктен мен қатты қамықтым. Бірақ екі күннен кейін маған Медеу аудандық Полиция басқармасынан қоңырау шалып, тәркіленген велосипедті анықтауға шақырды. Табылған велосипед менікі екен, мүлкімнің өзіме қайтарылғанына қатты қуандым. Осыған байланысты мен Алматы қаласының полицейлеріне кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтамын, – дейді Рүстем Тоқмалдинов.

Өзгелердің жаңалығы