Все новости за 29 сәуір 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жылына 200 мың тонна арматура шығаратын цех салынып жатыр
Бүгінгі таңда технологиялық жабдықтар толығымен сатып алынды. Барлық жабдықтар кеденнен шығарылып, кәсіпорын аумағына жеткізілді.
-
"Қайырымдылық керуені". 500 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі
Қайырымдылық керуенінің мақсаты – шалғай станциялардағы табысы төмен теміржолшылар отбасын қолдау. Аталған керуен 1 мамыр күні Шымкент қаласынан Арыс-2 станциясына барады.
-
Коронавирус бәсекеге қабілеттілік пен нарықты өзгертті - саясаттанушы
BTS Digital білім беру бағдарламаларының жетекшісі Саясат Нұрбек бүгінгі таңда цифрландыру барлық салаларда, әсіресе білім беруде үлкен рөл атқаратынын айқын көрсетті деп санайды.
-
Енді Түркістан облысынан шыққан машиналарды мінуіңіз мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі- "Ленгер машина жасау" зауыты іске қосылатын болады.
-
Білім саласындағы жемқорлық бір жылда 551 млн теңгеге жеткен
2019 жылы осы салада 161 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркеліп, 143 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 58 адам сотталды. Анықталған залал сомасы 2 еседен астам артты және 551 млн теңгені құрады, оның 301 млн теңгесі өтелді.
-
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 30 сәуір күні Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жариялады
-
Бізді назардан тыс қалдырмағаны үшін Президентке алғыс айтамыз - волонтер
Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы 10 мың отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
-
Тағы 33 адам тіркелді. Елдегі індет жұқтырғандар саны 3138-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
21 адам жазылды. Еліміз бойынша қатерлі індетті жеңгендер - 819 адам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Қордайлықтар егіс үшін ел аралап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 606 мың гектарды құрайды. Биылғы жылы егістікке 123 мыңнан астам гектар алқап бөлінсе, бұл жерлерге дәнді және майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөніс орналастыру жоспарланған.
-
Шетелдегі Қазақстан азаматтары 1414 арқылы байланыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары енді 1414 бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн-аудиожазба арқылы байланыса алады.
-
Әбдіқалықова: Сақтықты ұмытып, сан соғып қалмайық
Кездесуде тау-кен саласының бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелері талқыланды.
-
Елімізде еріктілер қозғалысы басталды
Жобаның мақсаты жоғарыдағы аталған санаттағы балалар мен жастар үшін әлеуметтік қызметтерді нәтижелі іске асыруда тәлімгер еріктілердің тәжірибесін енгізу арқылы көмек көрсету болмақ.
-
9 айда 9 мектеп салмақшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттегі жаңадан бой көтеріп жатқан білім ошақтарының құрылысымен танысты.
-
Апыр-топыры шыққан "Асар"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 тұрғын үй салынған. Өкінішке қарай күні бүгінге дейін көпшілігінің сыртқы қасбеті бұзылып, көркі қашқан.
-
Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстаннан ұн түрінде жіберілген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы (800 тонна) Қырғыз Республикасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
-
Атырау облысында карантин режимі жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешім қабылданып, бірқатар нысандарға жұмыстарын қайта бастауға рұқсат етілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Талдықорғандық зейнеткерлер онлайн-режимге көшті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғандық зейнеткерлер ғаламтордың көмегімен сатып алуды үйренді, ауладағы әңгімелерді мессенджерлердегі чатқа ауыстырды, тіпті спортпен айналысудың өзі тек онлайн-режимде.
-
Түркістандық дәрігерлер вирус жұқтырған әйелді босандырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 жастағы жүкті әйел Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына 27-сәуір күні ауыр халде жеткізілген. Толық медициналық тексеру жүргізілген соң, одан COVID-19 вирусы мен екі жақты пневмония, анемия анықталған.
-
Алматы облысында 16 мың гектарға қант қызылшасы себіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстары қызу жалғасып жатыр. Әсіресе, қант қызылшасына ерекше мән берілуде. Өткен жылы өңірде қант қызылшасы 14 000 гектарға себілсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 16 100 гектарға жеткізіледі.
-
Қызылордалық соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 1 миллион 111 теңгеден әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде аймақ басшысының орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.
-
Коронавирус пен өзге де аурулардан болған өлім-жітімнің статистикасы жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
-
Хоббиін кәсіпке айналдырған бухгалтер
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң шымкенттік Сырлан Тəшімбетовті "құс өсіруші" деп таниды. 36 жастағы кəсіпкер бала күнінен құс асырайды. Ет, жұмыртқа, мамық беретін құстар емес, əнші құстар, əсем құстар өсіреді. Тауық, қаз-үйрек өсіретін кəсіпкерлерден ерекшелігі де осы.
-
Шаштараз бен ақша айырбастау орталықтары жұмысын жалғастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 мамырдан бастап, елдегі шаштараз және ақша айырбастау орталықтары жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды.
-
Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Елорда мен Алматы арасында ұшатындарға қандай талаптар қойылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов ұшақпен ұшатын жолаушыларға қойылатын талаптар туралы айтты.
-
Павлодарға Омбыда оқитын 109 қазақстандық келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысына Омбы қаласында оқитын 109 қазақстандық азаматтар келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
-
"Nur Otan" онлайнға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясы азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру және мемлекеттің түрлі бастамаларын белсенді түрде түсіндіру мақсатында әлеуметтік желілердің онлайн-платформаларын белсенді игеруде.
-
Қазақстанда 4 журналист вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Facebоок парақшасында өткен тікелей эфир барысында мәлімдеді.
-
Қордайдағы төбелес: Қамауға алынған азамат тергеу изоляторында өлі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы тергеу изоляторында қамауға алынған Бекбол Кибаев қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағандылық спортшылар үздік онлайн-батутистер атағына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды командасы республикалық онлайн-турнирде бірінші орынға ие болды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бас санитар Алматы ауруханасындағы тексеру жұмыстары қашан аяқталатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebоок-тегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
Коронавирус: Қазақстанда науқас саны 3105-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 27 жағдай тіркелді, деп хабарланды Coronavirus2020.kz сайтында.
-
Төтенше жағдай: 4,3 миллионға жуық әлеуметтік төлем тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МӘСҚ-тан төтенше жағдай кезеңінде кірістен айырылуға байланысты 4,3 миллионға жуық әлеуметтік төлем тағайындалды.
-
42 500 теңге: Алматыда әлеуметтік төлемді 416 мыңнан астам адам алды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңгені Алматы бойынша 416 045 адам иеленді.
-
COVID-19: 24 науқас дертінен айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 24 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.
-
Бас санитар: Мамырдың соңында вирус жұқтырғандар саны 5300-ге жетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантин талаптары жұмсартылған жағдайда да санитариялық-дезинфекциялық режим қатаң сақтала бермек. Бұл туралы ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebоок-тегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
"Теңізшевройлда" жұмыс істеген алматылықтар үйлеріне ұшақпен жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігі жанынан құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы Атырау облысындағы кен орнының вахташы жұмысшылары бар әуе рейсінің келіп қонғанын хабарлады.
-
Алматыдағы соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Алматыдағы соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде бір реттік төлем жасалды.
-
Енді смартфондарда цифрлық құжаттардың заңды күші болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаттары жаңа технологиялар туралы заң жобасын мақұлдады.
-
Республика бойынша сырқаттану деңгейі төмендеді – бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebоок-тегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында елімізде соңғы аптада сырқаттану деңгейі 8-5,5% аралығында болғанын айтты.
-
Ресейде күніне 60 мың оқырман онлайн кітапхана қызметін пайдаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Кітап карантинге қарсы: жаңа форматтағы кітапханалар" атты халықаралық онлайн форумда Алматы қаласы мен Ресей мемлекетінің кітапханасы өзара тәжірибелерімен бөлісті.
-
Ақша жымқырған пошта қызметкері ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері өзгенің ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Президенттің саяси реформалары қалай жүзеге асырылуда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың желтоқсан айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды саяси бастаманы жария етіп, аталған бастамаларды іске асыру жөнінде тиісті жоспар қабылданған болатын.
-
Төтенше жағдай: 154 елордалық тұрақты жұмысқа орналастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін карантин кезеңінде елордалық жұмыспен қамту орталығының барлық мемлекеттік қызметі eGov.kz порталы, call-орталық, электрондық пошта және ұялы байланыс құралдары арқылы онлайн режимде көрсетіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Депутат 42 500 теңге мен масканы жыр қылып жіберген министрлерді әбден сынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова премьер-министр Асқар Маминнен төтенше жағдай кезінде министрліктердің "жіберген қателіктерімен жұмыс" істеуін сұрады.
-
Төменгі Шудың бойында толайым тірлік көп
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Белгілі композитор Ілия Жақановтың әніне арқау болған Жайлаукөл ауылы аудан орталығы - Жаңатас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 240 шақырымдай жерде, Шу өзенінің төменгі сағасында, Бетпақ даланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Шығысында Мойынқұм құмы жатыр.
-
Қазақстанда алғаш рет кітапханалардың онлайн форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Кітап карантинге қарсы: жаңа форматтағы кітапханалар" атты халықаралық онлайн-форум өтті.
-
"Теңізшевройлдың" 358-ге жуық жұмысшысы Қостанайға барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 сәуірде Қостанай қаласына вахталық әдісімен жұмыс істеген "Теңізшевройл" кәсіпорнының қызметкерлері барады. Олардың бәрі Қостанай облысының тұрғындары.
-
Алматы облысында коммуналдық өтемақыға 700 адам өтініш берген
Алматы, BAQ.KZ. Zhetysu.komek109.kz сайты арқылы 700 адам 15 мың теңгелік өтемақыға өтінім берген. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.
-
Қызылордалық кәсіпкер жылыжайдан күніне 5 тонна қияр жинауда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық кәсіпкер Ғани Алматов жылыжайдан күніне 5 тонна қияр жинайды.
-
COVID-19 жұқтырғандардың санын есептеуде қате кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бүгін коронавирус жұқтырған науқастардың санын есептеу барысында техникалық ақауға байланысты қате кеткен. Бұл туралы Сoronavirus2020.kz хабарлады.
-
Bizbirgemiz: Павлодарлық мектеп ұжымы 600 бетперде тігіп, тұрғындарға таратты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы 600 бетперде тігіп, тұрғындарға таратты. Игі шара республикалық "Біз біргеміз" акциясы шеңберінде өтті.
-
Коронавирус: Алматыда тесттен қай жерде өтуге болады?
Алматы, BAQ.KZ. Енді ұшаққа отыру үшін коронавирустың жоқтығы туралы анықтама қажет. Анықтама бір аптаға ғана жарамды.
-
Аулалар мен саяжайды аралағанда қандай ережелерді ұстану қажет
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша карантин жағдайындағы қауіптерді азайту мақсатында карантин кезеңінде балалар алаңдарына, бау-бақша (саяжай) учаскелеріне бару шарттары регламенттелді.
-
ШҚО қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі әуе рейстері ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
-
Алматы облысында науқаспен 47 адам байланыста болған
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының Іле ауданында бүгін COVID-19 инфекциясымен ауырған тағы 1 адам тіркелді. Профилактикалық тексерілу кезінде 1988 жылы туған азаматтан КВИ анықталған.
-
Атырауда Covid-19 дертінен жүкті әйел жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Короновирустық инфекция індетінен айыққандар саны 60 адамды құрады, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.
-
Павлодар облысында көктемгі егістік жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер егіс алқаптарындағы жұмыстарын бастап кетті. 623,1 мың га астам жер аумағы ылғалдандырылды, 107,1 мың жер жыртылды, 78,3 мың га жер егістік алдындағы өңдеуден өтті.
-
Блок-бекетте пара ұсынған жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы блок-бекетте полицейлерге пара ұсынған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Мәжіліс депутаттары Тоқаевтың өкілеттігін кеңейтетін заңды қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмін белгілейтін заң жобасы мақұлданды.
-
Төтенше жағдай: Сыр өңіріндегі кәсіпкерлік саласының ахуалы қандай?
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сыр өңіріндегі кәсіпкерліктің дамуы, төтенше жағдайға байланысты бизнестегі ахуал төңірегінде Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергеновпен әңгімелестік.
-
Коронавирус жұқтырған тағы 16 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 сәуір 12:50-дегі эпидемиологиялық жағдай туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады. ⠀
-
Қазақстанда бюджет ашықтығы бойынша шектеулі ақпарат беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Қазақстанның бюджеті: оның айқындығы, ашықтығы мен теңгерімділігін қалай арттыруға болады" атты онлайн дөңгелек үстел барысында Сандж зерттеу орталығының директоры Жанар Жандосова айтты.
-
Ғалымдар COVID-19 індеті қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапурлық технологиялар университетінің инновациялар зертханасының мамандары COVID-19 пандемиясын әлемнің әр түрлі елдерінде аяқталуына қатысты болжамдарын айтты.
-
Енді мемлекеттік қызметкерлердің туыстарына да сыйлық алуға тыйым салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне сыйлықтар мен қызметтерді алуға заңмен тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.
-
Сұранысқа қарай дәрілерді бірден жеткізіп жатырмыз – "СК-Фармация"
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алғаш коронавирусқа қарсы шара басталғанда бірден 10 мыңға дейін ауруды дәрімен қамту жұмыстарын қолға алдық. Бұл туралы "СК-Фармация" ЖШС-і басқарма төрағасы Берік Шәріп брифинг барысында айтты.
-
Алматы облысында карантин шаралары жеңілдетіледі
Жұмысын қайта бастауға рұқсат етілген барлық ұйымдар белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауы тиіс.
-
Мерзімі өтіп кеткен жеке куәлікпен жүруге рұқсат етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төтенше жағдай кезінде азаматтарға мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етілетіні айтылды.
-
Мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тез өзгеретін атмосфералық процестер мереке күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын анықтайтын болады.
-
Уахаббиттер өздерін салафитпіз дейді – теолог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда елімізде өз идеологиясын кеңінен таратып жүрген жат дін ағымы өкілдері өздерін уахаббит деп атаудан бас тартып жатыр.
-
Түркістан облысында бір үйдің 2 адамы індет жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Павлодар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы жағдайлар туралы хабарлады.
-
Сарапшылар коронавирусты жеңген елдерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш мемлекет COVID-19 инфекциясының таралуына тоқтау салды және осыған байланысты бұл елдердің валютасы нығайды.
-
Қостанайда Беларусь азаматынан вирус анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Алматы, Шымкент қалаларында және Қостанай облысында індет жұқтырған соңғы науқастар жайлы хабарлады.
-
Карантин. Қайда жүргеніңді қалтаңнан қадағалайды
Осы мақсатта үй карантиніндегі азаматтарға қашықтан бақылау жасайтын арнайы мониторинг орталығы құрылды.
-
Төтенше жағдай туралы заңға өзгертулер енгізілді
Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде қабылданған құқықтық актілер жалпы алғанда ол аяқталғанға дейін қолданылатын болады.
-
АШМ жұмыртқаға субсидия төлеуді жалғастырады
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне асыл тұқымды құс сатып алуға субсидия түрінде және экспорттық өнімді тасымалдау шығындарына қосымша қолдау көрсетіледі.
-
Алматыда коронавирустан жазылғандар саны 102-ге жетті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирус инфекциясынан тағы 6 науқас сауығып, ауруханадан шығарылды.
-
Ертіс өзені арқылы миллион тоннаға жуық жүк тасымалданады
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде кеме жүзу маусымы ресми түрде ашылды.
-
Ливанда қақтығыстар қайта өршіді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шерушілер биліктен қатаң карантиндік режим салдарынан болған шығынды өтеп беруін талап етуде.
-
Қазақстан дәрігерлері COVID-19 емдеудің тиімді әдісін тапты
Қазір семейлік ғалымдар бұл тың тәсілдерді арнайы жинақ ретінде жарыққа шығарып, интернет парақшалары арқылы таратуға күш салып жатыр.
-
Бір жылда сыбайлас жемқорлығы үшін 33 лауазымды тұлға сотталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
-
"Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы" автожолының 432 шақырымы қайта жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында "Нұрлы жол" бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.
-
Бабақұмаров: Қосымша медициналық бригадалар құру қажет
Алматыда ПТР әдісімен барлығы 42 мыңнан астам тест өткізілді. Жүргізілетін зерттеулер санының көрсеткіші жоспарлы түрде өскені байқалады.
-
Жеңіс-75. Тұтқында болған қазақстандық жауынгерлерге іздеу жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Қазақстанның ҚК әскери-тарихи музейі мен Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерленген орындарын белгілеу жұмысы жүргізілуде.
-
Көкшетауда өңіраралық форум үшін сарай салынып жатыр
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл күзде Көкшетауда өткізілетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы өңірге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Курортты аймақ мейман күтуге қаншалықты дайын?
-
Індет жұқтырған тағы 36 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 36 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
29 сәуірдегі ауа сапасы қандай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның көптеген қалаларында 29 сәуір күні жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Жамбылда жол сапасына қатысты 30 кемшілік анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Агенттік және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп құрылған "Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсенің басшысы Назима Жұбандықова өткен жылдың нәтижелі болғанын айтты.
-
Сәрсенбі, 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың кейбір бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстікте, оңтүстікте жауын мол көлемде жауады.
-
16 көпбейінді аурухана салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейдегі 16 көпбейінді аурухана салынады.
-
Британияның қарттар үйлерінде қаза тапқандар көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британияның қарттар үйлерінде коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып тұр, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
-
Авиация қызметкерлерінің 70%-ы ақысыз демалысқа шыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай режиміне және рейстер санының азаюына байланысты азаматтық авиация саласының 20 мың қызметкерінің шамамен 70%-ы ақысыз демалысқа шықты, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
ДДСҰ: Коронавирус індеті жуық арада аяқталмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетінің жуық арада аяқталмайтынын айтты, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Сәресінің хикметі неде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ораза тұтушы үшін таң атпай тұрып ас-су ішіп, құлшылыққа қамдануы мұстахаб амал болып табылады.
-
Елордада көлік қозғалысына өтінім беру автоматтандырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "iQala" қалалық қызмет көрсету орталығы шағын және орта бизнес өкілдері үшін Нұр-Сұлтан қаласында автокөлік қозғалысына рұқсат алу қызметін автоматтандырды.
-
Ернар Айдар өзінің де алданып қалғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстрада әншісі Ернар Айдар әлеуметтік желілерде төрт автомобильді, Алматыдан бір бөлмелі пәтерді және тұрмыстық техниканы ұтысқа қойған лотерея ойынын жарнамалаған болатын.
-
Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында ертең, 29 сәуірде әнші Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді.
-
"Әзірет Сұлтан" мешіті 225 отбасыға азық-түлік таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Елордамыздағы тұрмысы төмен 225 отбасыға қуаныш сыйлаған игі шараға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді.
-
Жасылелдіктер Маминге үндеу жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан жастарының конгресі мен "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы атынан Қазақстан Республикасының Премьер-министріне ресми үндеу жолданды.
Наверх