Сарапшылар коронавирусты жеңген елдерді атады

29 Сәуір 2020, 11:51
2691
Бөлісу:
Сарапшылар коронавирусты жеңген елдерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш мемлекет COVID-19 инфекциясының таралуына тоқтау салды және осыған байланысты бұл елдердің валютасы нығайды.   

Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Корея коронавирусқа қарсы күресте жеңіске жеткен санаулы елдердің қатарында. Бұл туралы  сарапшылардан сұхбат алған CNBC хабарлады, деп жазады korrespondent.net.

Сарапшылардың пікірінше, аталған үш мемлекет COVID-19-дың таралуын жедел бақылауға алды. Бұл олардың экономиканы қайта бастауға және кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын қалпына келтіруге септігін тигізді.
Сондай-ақ, аталған үш мемлекеттің де негізгі сауда серіктестерінің бірі саналатын Қытай карантиндік шектеулерді біртіндеп алып жатыр.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта коронавирус жұқтыру жағдайлары әлемнің барлық елдерінде тіркелген. Ауру жұқтырғандардың саны 3,1 миллионнан асты, олардың 200 мыңнан астамы қайтыс болды.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Австралияда 6744 адам вирус жұқтырған, Жаңа Зеландияда - 1474, Оңтүстік Кореяда - 10 752 адам.

Өзгелердің жаңалығы