Ақша жымқырған пошта қызметкері ұсталды

29 Сәуір 2020, 16:10
2397
Бөлісу:
Ақша жымқырған пошта қызметкері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері өзгенің ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адам, пошта бөлімшесіндегі есепшотынан 200 000 теңгеге жуық ақшасын белгісіз тұлға заңсыз шешіп алғанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Аталған істің мән-жайын анықтау барысында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын, пошта қызметкері жас қыз болып шықты. Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінің қызметкері тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны анықталды, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған мүлікін иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) және 385-бабы (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілді.

Қазір жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды.


Өзгелердің жаңалығы