Жеңіс-75. Тұтқында болған қазақстандық жауынгерлерге іздеу жарияланды

29 Сәуір 2020, 09:35
2025
Бөлісу:
Жеңіс-75. Тұтқында болған қазақстандық жауынгерлерге іздеу жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Қазақстанның ҚК әскери-тарихи музейі мен Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерленген орындарын белгілеу жұмысы жүргізілуде.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметіне қарағанда, алынған ақпарат жүйелендіріліп, арнайы мәліметтер базасында жинақталады. 

Адам төзгісіз азаптарға қарамастан жау жағына қызмет етуге өтпеген, фашистік лагерлерде қаза болған боздақтар – шын мәнінде халқына берген антына берік, Отанның нағыз ұлдары екенін дәлелдеді. Бұл –Ерлік! Олардың барлығы да болашақ үшін күресті, өмір сүргісі келді, Жеңіске сенді! Фашистік лагерлердегі аштық пен суыққа, адам төзгісіз қорлықтар мен азаптарға мойымай, Отанын сатпаған арыстардың адал есімдері мәңгі сақталуы тиіс! – деді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің штаб бастығы, подполковник Айдын Сағынбеков. 

Аталған жұмыс аясында Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің қолдауымен концлагерьлерде болған қазақстандық әскери тұтқындардың карталары іздестірілуде. Бүгінгі күні жүздеген әскери тұтқындар туралы ақпарат енгізілді. 

Қоғам назарына қазақстандық әскери тұтқындардың тізімі мен олардың аты-жөндері, жерленген орындары ұсынылды. Туысқандары табылған жағдайда келесі мекенжайға хат арқылы хабарласуын сұраймыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 2-үй, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы - делінген хабарламада.

Қосымша тізім берілген.

Өзгелердің жаңалығы