Коронавирус пен өзге де аурулардан болған өлім-жітімнің статистикасы жүргізіледі

29 Сәуір 2020, 19:15
1002
Бөлісу:
Коронавирус пен өзге де аурулардан болған өлім-жітімнің статистикасы жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Егер науқастар инсульттан немесе басқа да ауыр аурулардан қайтыс болса, алайда оған қоса COVID-19 вирусы анықталса, онда бұл жағдай коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім статистикасына тіркелмейді.

Қазіргі уақытта елімізде осындай 25 жағдай анықталды. Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі және барлық факторлар ескерілгеннен кейін шешім шығарылады.


Өзгелердің жаңалығы