"Теңізшевройлда" жұмыс істеген алматылықтар үйлеріне ұшақпен жеткізілді

29 Сәуір 2020, 16:53
1405
Бөлісу:
"Теңізшевройлда" жұмыс істеген алматылықтар үйлеріне ұшақпен жеткізілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігі жанынан құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы Атырау облысындағы кен орнының вахташы жұмысшылары бар әуе рейсінің келіп қонғанын хабарлады. 

"Теңізшевройл" ЖШС қызметкерлері өткен ай бойы Теңізде жұмыс вахтасында болған. Компания басшылығы жұмысшыларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша қайтару туралы шешім қабылдаған.


Жолаушылардың бәрі Атырау облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне қажетті сауалнамалар мен қолхаттарды толтырған. Сонымен бірге, жұмысшыларға тест жүргізіліп, нәтижесі теріс болған жағдайда ғана ұшаққа отырғызылуға рұқсат етілген. 200 адамның бәрі Алматы және Алматы облысының, соның ішінде Талдықорған қаласының тұрғындары болып табылады, - деп хабарлады қалалық әкімдікте. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен жұмысшыларың барлығы келгеннен кейін коронавирусқа анализ тапсырып, нәтижелері белгілі болғанша карантинге жатқызылды. 

Атап өтетіні, кен орнынан жұмысшылардың Алматыға дейін ұшақпен келуі, қызметкерлерге тест жүргізу және карантин ұйымдастыру жұмыс берушілердің есебінен жүзеге асырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Теңізшевройлдың" 358-ге жуық жұмысшысы Қостанайға барады.

Өзгелердің жаңалығы