Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

29 Сәуір 2020, 22:50
1260
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 30 сәуір күні Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жариялады

Көкшетау қаласы мен Ақмола облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар қаласы мен Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан, батыстан желі соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Өскемен және Семей қалалыр мен Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қостанай қаласы мен Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Орал қаласы мен Батыс-Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-95 %.

Өзгелердің жаңалығы