ШҚО қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі әуе рейстері ашылады

29 Сәуір 2020, 14:16
2595
Бөлісу:
ШҚО қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі әуе рейстері ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды. 

Даниял Ахметов премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі әуе рейстерді ашуға рұқсат беруін сұрағанын айтады.

Бүгін мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан – Семей", "Алматы –Семей" бағыттарын бойынша бір рейстен ұшады, - деп жазды әкім.

Облыс көлемінде енгізілген шектеу режимінен шығу жоспарының бірінші қадамы экономикалық жағдайды тұрақтандыру бағытын нақты бағдарлауға мүмкіндік беретініне сенімдімін деді ол.
Өзгелердің жаңалығы