Түркістан облысында бір үйдің 2 адамы індет жұқтырған

29 Сәуір 2020, 12:05
1584
Бөлісу:
Түркістан облысында бір үйдің 2 адамы індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Павлодар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы жағдайлар туралы хабарлады.

COVID-19 Павлодар облысы Екібастұз қаласының екі тұрғынында тіркелді. Олар 1982 жылы туған ер адам және 1960 жылы туған әйел адам. 2 науқас алдын-ала ЖРВИ диагнозымен түскен, коронавирус инфекциясы 28 сәуір күні талдау нәтиже қорытындысы бойынша анықталды. Барлық  жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні, сағат 10.00-дағы жағдай бойынша Павлодар облысында жалпы коронавирус инфекциясымен ауырған 112 факті тіркелген.

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған үш азамат тіркелді. 

Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің 1992 ж. және 2017 ж. туған бір отбасының мүшелерінен коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылының 2000 ж. тұрғыны да COVID-19 инфекциясы табылды. Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталуда. Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ - делінген хабарламада.

Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны - 120. Олар, Жетісай -21, Ордабасы-11,  Кентау қаласы -10, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-7, Арыс қаласы -17, Туркістан қаласы-15, Байдібек-3,  Сарыағаш -18, Қазығұрт – 8, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат.

Коронавирус инфекциясы табылған адам 1959 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Шет елден келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үй карантинінде болған. Дене қызуының көтерілуіне байланысты медициналық қызметкерге қаралып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды - делінген хабарламада.

Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Қазіргі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 127 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны - 9.

Өзгелердің жаңалығы