Түркістандық дәрігерлер вирус жұқтырған әйелді босандырды

29 Сәуір 2020, 20:05
1194
Бөлісу:
Түркістандық дәрігерлер вирус жұқтырған әйелді босандырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 жастағы жүкті әйел Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына 27-сәуір күні ауыр халде жеткізілген. Толық медициналық тексеру жүргізілген соң, одан COVID-19 вирусы мен екі жақты пневмония, анемия анықталған. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аяғы ауыр әйелдің дене қызуы көтеріліп, жөтел белгілері болған. Сонымен қатар әйелдің жүктілігі ауыр өткені белгілі болады.

Дәрігерлер шұғыл түрде гемотрансфузия жасап, ем-дом жүргізеді. Аурухананың білікті дәрігер-реаниматолог, гинеколог және акушер құрамы жүкті әйелді сәтті босандырып алды. Салмағы 3400 гр ұл бала дүниеге келген. 

Сәби оқшауланып №3 Түркістан облыстық перзентхана дәрігерлерінің қадағалауында. Жаңа туылған нәрестеден COVID-19-ға талдау алынған. Нәтижесі жақын уақытта белгілігі болады. Дәрігерлердің айтуынша, бала өзін жақсы сезінеді. Жаңа босанған ана жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Науқастың жағдайы бірқалыпты.

Өзгелердің жаңалығы