Алматы облысында коммуналдық өтемақыға 700 адам өтініш берген

29 Сәуір 2020, 15:05
2246
Бөлісу:
Алматы облысында коммуналдық өтемақыға 700 адам өтініш берген

Алматы, BAQ.KZ. Zhetysu.komek109.kz  сайты арқылы 700 адам 15 мың теңгелік өтемақыға өтінім берген. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, облыста белгілі санаттар бойынша тұрғындарға коммуналдық қызмет шығындары өтеліп жатыр. Осыған орай, өтініштерді қабылдау үшін арнайы Zhetysu.komek109.kz сайты жұмысын бастаған. 
Осы уақытқа дейін облыс бойынша 700 адам өтінім беріп үлгерген. Аталған сайттың операторы түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істеп, келіп түскен өтінімдерді тіркеу үшін аудандарға жіберуде. Сондай-ақ, коммуналдық ұйымдардың тұтынушылары Ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жергілікті атқарушы органға жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және облыстың әрбір өңірінің жеке дербес шотының деректерін ұсына отырып өтініш бере алады, - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Үкіметтің қаулысына сай карантин уақытында осал топтағы тұрғындардың коммуналдық өтемақысын төлеу ісі қолға алынған. Бұл санатқа жататындардың дербес шотқа екі ай бойы 15 мың теңге көлемінде қаражат аударылады.

Өзгелердің жаңалығы