Алматыда коронавирустан жазылғандар саны 102-ге жетті

29 Сәуір 2020, 11:02
1182
Бөлісу:
Алматыда коронавирустан жазылғандар саны 102-ге жетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирус инфекциясынан тағы 6 науқас сауығып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіргі уақытта мегаполисте жазылып, емдеуден шығарылғандар саны – 102 адам.

Жазылып шыққан алты адамның бірі, 30 наурызда Ыстамбұл – Куала-Лумпур – Алматы рейсімен ұшып келген 24 жасар қыз. Ұшып келген соң стационарға карантинге орналастырылды, бірінші тесті теріс нәтиже көрсеткен, 10 сәуірдегісі оң нәтиже көрсеткен. Емдеу 18 күн ішінде жеңіл түрде өтті, - делінген хабарламада.

Тағы бір науқас 16 наурызда круиз лайнерімен келген 1953 жылы туған әйел екен. Келген соң карантинде болған, бірінші тесті теріс нәтиже көрсетіп, кезекті тесті 28 наурыз күні оң нәтиже көрсеткен. Пациенттің сырқаты ауыр түрде өткен. Диагнозы: Екі жақты полисегментарлы пневмониямен Covid-19 вирусы. Бүгінгі күні пациент өзін жақсы сезінеді. Соңғы рет жасалған рентгенінде пневмония табылмаған. Емдеу 31 күнге созылған.

Үшіншісі №11 Қалалық емхананың 38 жастағы медицина қызметкері, науқаста ауру жеңіл жүріп,  емдеуде 17 күн болды. Төртіншісі, бұл 26 наурызда Мәскеуден ұшып келген 1963 жылы туған әйел. Келген соң стационарға карантинге орналастырылды. 27 наурыздағы тесті оң нәтиже көрсетті. Емделуде 32 күн болды, жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, сол жақты төменгі үлестік бронх пневмониясы болған, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 1984 жылы туған тағы бір науқас Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасынан ауыстырылған әйел екен. Ол Алматы облысының тұрғыны. Сырқаты ауыр түрде өткен. Екі жақты полисегментарлы пневмониясы болған. Емі 32 күнге созылды.

Алтыншысы, бұл 11 сәуірде емдеуге келіп түскен, жүктіліктің 6 аптасындағы 33 жасар әйел. Инкубациялық кезең 1-ден 14 күнге дейін ауытқитындығын естеріңізге саламыз. Сондықтан осы уақыт ішінде Covid-19 вирусы анықталуы мүмкін, - делінген хабараламада.

Емдеуден жазылып шыққан барлық науқастар 14 күндік үй карантинінде болады.

Өзгелердің жаңалығы