Алматы облысында науқаспен 47 адам байланыста болған

29 Сәуір 2020, 14:08
796
Бөлісу:
Алматы облысында науқаспен 47 адам байланыста болған

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының Іле ауданында бүгін COVID-19 инфекциясымен ауырған тағы 1 адам тіркелді. Профилактикалық тексерілу  кезінде 1988 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте, онымен 47 адам қарым-қатынас жасаған және олардың барлығы оқшауландырылған. 
Олардың 34-інің тексеру қорытындылары таза болып шықты, эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда. Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды,-делінген хабарламада. 
Сонымен, бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 114-ке жетті, ал жазылып шыққандар – 10.
Өзгелердің жаңалығы