Енді смартфондарда цифрлық құжаттардың заңды күші болады

29 Сәуір 2020, 16:32
2042
Бөлісу:
Енді смартфондарда цифрлық құжаттардың заңды күші болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаттары жаңа технологиялар туралы заң жобасын мақұлдады.

Заңның толық атауы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" деп аталады.
Бұл құжаттың қабылдануын біз асыға күтіп жүрміз, себебі көптеген қажетті нормалар қарастырылды. Мысалы, смартфоныңызға орнатқан мобильдік қосымшадағы цифрлық құжаттардың заңды күшінің болуы ұсынылды. Заң жобасы қабылданғаннан кейін солардың көмегімен түрлі қызметтерді алуға болады. Яғни, олар қағаз және пластикалық тасығыштағы құжаттардың заңды баламасы ретінде қолданылады. Техникалық жағынан біз бұған дайынбыз. Заң жобасында мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-да биометриялық параметрлері бойынша алу мүмкіндігі де бекітілген,- дейді цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Оның айтуынша, азамат өзінің жеке деректерінің пайдаланылғаны туралы әрекеттерден міндетті түрде хабардар болуы керек. 

Сондықтан тағы бір маңызды  норма - әр адам жеке басының деректерін кімнің сұратқанын және не үшін пайдаланғанын біліп отырады. Заң жобасында саланы дамытуды ынталандыруға бағытталған бірқатар нормалар бар. "Блокчейн", "зияткерлік робот" және т.б ұғымдар заңды түрде бекітіледі. Сондай-ақ квазимемсекторға жеке фирмалар жұмыс істеп тұрған нарықта кәсіпкерлікпен айналысу заңды түрде шектелмек. Бұл IT-саласында Yellow Pages Rules қағидаттарын сақтауға бағытталған,- дейді министр.

Заң жобасына Қазақстанда цифрлық технологияларды қолдану мен одан әрі енгізуді көздейтін 200-ден астам түзету енгізілген.
Өзгелердің жаңалығы