Британияның қарттар үйлерінде қаза тапқандар көп

29 Сәуір 2020, 07:25
956
Бөлісу:
Британияның қарттар үйлерінде қаза тапқандар көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Британияның қарттар үйлерінде коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып тұр, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ұлыбританияның Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, Англия мен Уэльсте COVID-19 инфекциясынан өлім-жітімнің үштен бірін қарттар үйіндегі жандар құрап отыр. 13-17 сәуір аралығында 2 мыңға жуық адам қайтыс болды.
 
Алайда, Ұлыбритания ауруханаларында COVID-19-дан күн сайынғы өлім-жітім саны 8 сәуірде тіркелген вирустың шарықтау шегінен кейін төмендеп келеді.


Өзгелердің жаңалығы