Енді мемлекеттік қызметкерлердің туыстарына да сыйлық алуға тыйым салынады

29 Сәуір 2020, 12:56
2097
Бөлісу:
Енді мемлекеттік қызметкерлердің туыстарына да сыйлық алуға тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне сыйлықтар мен қызметтерді алуға заңмен тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.

Депутаттар  Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.
Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінде сыйға тартушының пайдасына іс-әрекеттері үшін өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғаларға кез келген құны бар сыйлықтар сыйға тартуға тыйым салу ұсынылады. Азаматтық кодекстің "Сыйға тарту" атты 509-баптың қолданыстағы редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құны 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйлықтарды сыйға тарту мүмкіндігіне жол беріледі, - дейді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады.

Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген міндеттерді атқаруға байланысты лауазымға үміткер болып табылатын тұлғалар үшін ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар ету міндеттемелері енгізіледі.


"Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар" атты тарауының 676, 677 және 678-баптарында оларды ұсынған тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсетуге және қабылдауға тыйым салынған тұлғалардың тізбесі лауазымды тұлғалар мен жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалармен толықтырылуда, - дейді агенттік төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы