Мерзімі өтіп кеткен жеке куәлікпен жүруге рұқсат етіледі

29 Сәуір 2020, 12:33
2064
Бөлісу:
Мерзімі өтіп кеткен жеке куәлікпен жүруге рұқсат етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төтенше жағдай кезінде азаматтарға мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етілетіні айтылды.

Төтенше жағдай кезінде еліміздің көптеген азаматы жеке куәлігінің немесе жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткеніне байланысты қиын жағдайда қалды.Жарамсыз жеке куәлікпен жүргені үшін 7 АЕК, ал көлікті құжатсыз басқарғаны үшін 20 АЕК айыппұл айыппұл салынады. Қазір бұл жаза сол күйі қалып отыр, - деді депутат Шавкат Өтемісов.
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин министрдің бұйрығымен көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау туралы тапсырма берілгендігін айтты.
Ал жеке куәлікке қатысты айтар болсақ, біз Президенттің атына төтенше жағдай кезінде куәлік мерзімін ұзарту туралы норма әзірлеп жатырмыз,- деді Юрий Ильин.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин төтенше жағдай кезінде 99,5 мың жеке куәліктің, 68 мың жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кеткендігін айтты.
Алдағы мамыр айында тағы 90 мың жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталады екен. Мұның барлығы төтенше жағдай кезеңінде орын алып отыр ма?, - деп сұрады вице-министрден спикер.

Нұрлан Нығматулин төтенше жағдай кезінде құжаттардың мерзімін автоматты түрде ұзартатын норма заңда айқын көрсетілуі керек екенін айтты.



Өзгелердің жаңалығы