Павлодарға Омбыда оқитын 109 қазақстандық келді

29 Сәуір 2020, 18:30
1196
Бөлісу:
Павлодарға Омбыда оқитын 109 қазақстандық келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысына Омбы қаласында оқитын 109 қазақстандық азаматтар келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Олардың ішінде: Павлодар облысының тұрғындары – 74 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 8 адам, Алматы қаласы және Алматы облысы – 11 адам, Түркістан облысы – 9 адам, Шымкент қаласы – 7 адам.

Бүгін Черлакский-Үрлітөбе шекарасында оларды Павлодар облысының әкімдігі ұйымдастырған көлік қарсы алды, оларды карантиндік ауруханаға жеткізді.

Барлық келгендерден COVID-19 талдаулары алынатын болады. Короновирус инфекциясы анықталмаған жағдайда Павлодар облысының тұрғындары үй карантиніне ауыстырылатын болады, өзге қала тұрғындары үйлеріне жіберіледі.


Өзгелердің жаңалығы