Ертіс өзені арқылы миллион тоннаға жуық жүк тасымалданады

29 Сәуір 2020, 10:50
3517
Бөлісу:
Ертіс өзені арқылы миллион тоннаға жуық жүк тасымалданады
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде кеме жүзу маусымы ресми түрде ашылды. Биылғы жылы жергілікті өзен портынан миллион тоннаға жуық жүк тасымалданады деп жоспарланған.

Ертіс өзені көрші елдермен су жолын сақтап қалған жалғыз аймақ саналады. Бүгінгі күні Павлодар өзен портынан Ресей өңірлеріне түрлі сұрыптағы қиыршық тас, техникалық тұз бен құрылыс құмы тасымалданады. Бұл өнімдер көрші елде сұранысқа ие әрі өзен арқылы тасымалдау әлдеқайда арзан. Ал жергілікті өзеншілер кейін қайтып келе жатқанда ағаш өнімдерін әкеледі.

1009 (1).jpg

"Павлодар өзен порты" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Кенженовтың мәліметінше, Ресей мен Қазақстан арасында өзен жолы жүк тасымалының көлемі жыл сайын 10-15%-ке артып отырады. Су қозғалысы экономикалық тиімді, себебі, халықаралық су жолдарына шығуға мүмкіндік бар.

Павлодар өзен портының технологиялық мүмкіндіктері жоғары терминалы бар. Жүк тиеуге арналған айлақ, порталды алты кран және техникалық мүмкіндігі жоғары алты порталды кран бар. Жүкті тек баржаларға емес, теміржол арқылы тиеуге де мүмкіндік бар. Бүгінде портымыз жылына 2 млн тоннаға жуық жүкті тасымалдайтындай мүмкіндігі бар. 2020 жылғы навигацияда 850 мың тонна қиыршықтас, көмір, құм мен техникалық тұз тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Бұл - ішкі тасымал. Ал халықаралық тасымал, яғни, Ресейге апарылатын жүк 245 мың тоннадан асып жығылады, - дейді Әлібек Кенженов.

1009 (3).jpg

Еске салсақ, былтырғы жылы Павлодардан 820 мың тонна тауар тасымалданған. Бүгін Ресейдің Омбы облысына қиыршық тастың алғашқы тоннасы жөнелтілді. Құрылыс материалы Омбы-Павлодар федералды тас жолының құрылысына қажет.

Бүгінгі таңда Павлодар өзен портында 100-ге жуық маман еңбек етеді. Олардың барлығы биылғы навигацияға сақадай сай.

Өзгелердің жаңалығы