Шаштараз бен ақша айырбастау орталықтары жұмысын жалғастырады

29 Сәуір 2020, 18:43
1841
Бөлісу:
Шаштараз бен ақша айырбастау орталықтары жұмысын жалғастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 мамырдан бастап, елдегі шаштараз және ақша айырбастау орталықтары жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Ауданы 500 шаршы метрді құрайтын азық-түлік емес дүкендер 17:00-ге дейін (барлық түрлері), фото дүкендер, гүл сататын дүкендер ашылады.

4 мамырдан бастап жұмыстарын жалғастыратындар:

 - сағат 17: 00-ге дейін ауданы 500 шаршы метрді құрайтын азық-түлік емес дүкендер (барлық түрлері);

 - фото дүкендер, гүл сататын дүкендер;

 - шаштараздар (тағайындау бойынша);

 - медициналық орталықтар (тағайындау бойынша);

 - стоматологиялық клиникалар (тағайындау бойынша);

 - жылжымайтын мүлік компаниялары, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

 - микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

 - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
Өзгелердің жаңалығы