Қарағандылық спортшылар үздік онлайн-батутистер атағына ие болды

29 Сәуір 2020, 17:51
1406
Бөлісу:
Қарағандылық спортшылар үздік онлайн-батутистер атағына ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды командасы республикалық онлайн-турнирде бірінші орынға ие болды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жарыс батуттық гимнастикамен айналысатын жас спортшылар арасында жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша өтті. Оған Қарағанды, Алматы, Павлодар және Тараз құрамалары қатысты.

Онлайн-жарыс төрт қаланың мықты батутистері арасында өтті. Қарағанды гимнастика мектебінің өкілдері үздік атанды.
Онлайн-турнирдің қорытындысы бойынша "Шахтер-2" командасы бірінші орынды, ал "Шахтер" құрамасы екінші орынды иеленді. Жаттығуларды орындау кезінде олардың орындалу жылдамдығы ғана емес, сонымен қатар сапасы да ескерілді.
Біз, әрине, балаларымыздың жетістігіне өте қуаныштымыз, бірақ жаттықтырушылар мен спортшылар толыққанды жаттығу және қарым - қатынас жасау үшін залдарға қайтып оралуды тағатсыздана күтуде, - деп атап өтті гимнастика мектебінде.
 

Өзгелердің жаңалығы