Елімізде еріктілер қозғалысы басталды

29 Сәуір 2020, 21:28
1855
Бөлісу:
Елімізде еріктілер қозғалысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 2020 жыл "Еріктілер жылы" деп жарияланғаны белгілі. Еріктілік институтын дамыту мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және оның операторы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" ҚЕАҚ қолдауымен қоғамда 7 жалпыұлттық әлеуметтік жоба жариялады.

"KAZBRANDS" Қоғамдық қоры Президенттің үндеуін және еріктілікті дамыту идеясын қуаттау үшін "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" ҚЕАҚ қолдауымен "Балалар үйлеріндегі балаларға және өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға, балаларға қатысты волонтерлердің тәлімгерлік практикасын халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында енгізу бойынша "Birgemiz": Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасын іске асыру" атты жобасын ұйымдастырып, орындауда – дейді қор өкілдері.

"KAZBRANDS" Қоғамдық қоры "Birgemiz": Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында еріктілікті қолдаудың 3 орталығының ашылғандығын хабарлайды.

Жобаның мақсаты жоғарыдағы аталған санаттағы балалар мен жастар үшін әлеуметтік қызметтерді нәтижелі іске асыруда тәлімгер еріктілердің тәжірибесін енгізу арқылы көмек көрсету болмақ. Құрметті тәлімгерлер және еріктілер, Сіздер біздің әлемді жарық, әрі мейірімді етесіздер! Біз Сіздерді жобаға шақырамыз және күеміз! – дейді еріктілер.

Жоба аясында:

1. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау қалаларында еріктілерді қолдау орталықтарын ашу;

2. Қоғамдағы атақты және құрметті азаматтардың ішінен 50 жеке тәлімгерді тарту және тренингтік оқыту арқылы тәлімгерлердің тәжірибелерін енгізу;

3. Аймақтарда балалар мен жетімдер үшін 1000 еріктілерді тарту және оқыту;

4. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық облыс орталықтарында ҮЕҰ еріктілік жұмыстары үшін 68 шағын гранттарды жүзеге асыру (әрбір грант 300 000 теңге соммасында)

Қараша айында еліміз бойынша өте жақсы деген еріктілер тәжірибелері мен жұмыстары қорытындыланады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы еріктілікті дамыту орталығының мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы №3, офис: 512; Email: aeka2030@mail.ru; Моб:87080008088.

Шымкент қаласындағы еріктілікті дамыту орталығының мекен-жайы: Тәуке-хан даңғылы №2; Email: gulnarausenova1962@gmail.com; Моб:87007732688.

Атырау қаласындағы еріктілікті дамыту орталығының мекен-жайы: Береке шағын ауданы (мкр.) 15-13; Email: Saparovaaigera@gmail.com; Моб:87010800091.

Өзгелердің жаңалығы