Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті

Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады.

 ҰОК 11 Шілде 2026, 04:23
11 Шілде 2026, 04:23
134
Фото: ҰОК
Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады. 

Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.

ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды - 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды - 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді - 2:10.20.

Наверх