Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді

Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің бақылауы барысында анықталды.

 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 11 Шілде 2026, 22:24
11 Шілде 2026, 22:24
159
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бүгін, 11 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді. Оның бірі Шығыс Қазақстан облысында, екіншісі – «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болды.

Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің бақылауы барысында анықталды. Оқиға орнына орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» РМК қызметкерлері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

Арнайы техника, Ми-8 тікұшағы және әуе десантының үйлесімді жұмысының арқасында Шығыс Қазақстан облысындағы орман өрті оқшауланды. Ал «Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт толықтай сөндірілді.

Мамандар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ормандағы әрбір жауапты әрекет табиғатты сақтауға қосылған маңызды үлес екенін еске салды.

Наверх