Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалінде қонақтарға 1 тонна шұбат ұсынылды

BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі 11–12 шілде күндері елордадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр.

 Астана қаласының әкімдігі 11 Шілде 2026, 21:50
11 Шілде 2026, 21:50
185
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалінде келушілер қымызбен қатар дәстүрлі шұбаттан да дәм татып жатыр. Фестивальге өндірушілер 1 тонна шұбат пен 200 литр қымыз алып келген.

«Сыр дәмі» брендінің иесі Дамир Әбілданың айтуынша, шаруашылық негізінен шұбат өндірумен айналысады. Қазіргі таңда қожалықта жылқы саны көп болғанымен, оның 350-і ет бағытында өсіріледі, ал сүт бағытындағы шаруашылық енді ғана дамып келеді.

Оның сөзінше, мұндай фестивальдер ұлттық сусындарды кеңінен танытып, дәстүрлі тағамдар мен өнімдерді тұтыну мәдениетін насихаттауға зор мүмкіндік береді.

Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі 11–12 шілде күндері елордадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Бағдарлама аясында ұлттық тағамдар көрмесі мен дегустациясы, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты көрсетілімдері, отбасылық ойын-сауық алаңдары және қазақстандық өнерпаздардың концерттері ұйымдастырылған.

Наверх