ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды

Осы оқиғаға байланысты полиция ата-аналарды балаларын адам көп жиналған орындарда қараусыз қалдырмауға шақырды.

 Polisia.kz 11 Шілде 2026, 23:27
11 Шілде 2026, 23:27
154
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Altai Fest фестивалі кезінде адасып кеткен екі жасар сәби полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ата-анасына аман-есен қайтарылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, фестиваль барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету күшейтілген режимде жүргізілді. Осы кезде ШҚО Полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Қарлығаш Жүсіпова көпшілік арасынан жалғыз қалған, абдырап тұрған бүлдіршінді байқап, оны сабырға шақырып, ата-анасын іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Көп ұзамай сәби туған-туыстарына аман-есен табысталды.

Осы оқиғаға байланысты полиция ата-аналарды балаларын адам көп жиналған орындарда қараусыз қалдырмауға шақырды. Егер бала адасып кетсе немесе жоғалған бүлдіршін байқалса, жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне дереу хабарлау қажеттігі ескертілді. Тәртіп сақшылары мұндай жағдайларда жедел көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.

Наверх