Белгілі журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев өмірден өтті

Жұмабек Табынбаев еңбек жолын 1978 жылы бастап, өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті қызмет атқарды.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 11 Шілде 2026, 21:19
11 Шілде 2026, 21:19
311
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ақпарат саласының үздігі» Жұмабек Айдарбекұлы Табынбаев дүниеден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

Ведомство марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестері мен туған-туыстарына көңіл айтып, оның қазақ журналистикасы мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

Жұмабек Табынбаев еңбек жолын 1978 жылы бастап, өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті қызмет атқарды. Сонымен қатар ол ақын әрі прозашы ретінде де танылып, «Өмір – керуен», «Соғыс туралы шындық», «Жадымдасың, жарқын бейне» секілді еңбектері арқылы оқырман ықыласына бөленді.

Министрлік мәлімдеуінше, кәсіби шеберлігімен, азаматтық ұстанымымен және өнегелі өмір жолымен танылған қаламгердің жарқын бейнесі мен есімі ел жадында мәңгі сақталады.

Наверх