Астананың сол жағалауындағы маңызды жолайрық жөндеуге байланысты жабылады

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

 ©BAQ.KZ 11 Шілде 2026, 10:51
11 Шілде 2026, 10:51
225
Фото: ©BAQ.KZ

Астанада 11 және 12 шілде, сенбі мен жексенбі күндері Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Елордада жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін аталған аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Наверх