Астанада жөндеу жұмысына байланысты екі көшеде қозғалыс ішінара шектеледі

Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

 pexels.com Бүгiн 2026, 14:18
Бүгiн 2026, 14:18
166
Фото: pexels.com

27 маусым мен 1 шілде аралығында Астанада бірнеше көшеде жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстары мына учаскелерде өтеді:

  • Баршын көшесінде Н.Тілендиев даңғылынан С.Мұқанов көшесіне дейін;

  • С.Мұқанов көшесінде Барышев көшесінен айналма жолға дейін.

Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес берілді.

Наверх