Израиль мен Ливан жаңа келісім аясында әскерді кезең-кезеңімен шығаруға келісті

Құжатқа 26 маусымда Вашингтонда АҚШ, Израиль және Ливан өкілдері қол қойды.

 depositphoto.com Бүгiн 2026, 10:21
Бүгiн 2026, 10:21
140
Фото: depositphoto.com

АҚШ-тың араағайындығымен қол қойылған қақтығысты реттеу жөніндегі жаңа келісім аясында Израиль Ливан аумағынан өз әскерін кезең-кезеңімен шығарады.

Құжатта қақтығысты тоқтатуға және өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар қарастырылған.

Келісімге сәйкес, Ливан бүкіл аумағында толық мемлекеттік бақылауды қалпына келтіруге, мемлекеттік емес қарулы құрылымдарды қарусыздандыруға және оларға қатысты инфрақұрылымды жоюға тиіс. Осы шарттар орындалғаннан кейін Израиль әскері ел аумағынан кезең-кезеңімен шығарылады.

Келісімді іске асырудың егжей-тегжейі, оның ішінде қауіпсіздік тетіктері мен оның орындалуын бақылау тәртібі АҚШ-тың қатысуымен дайындалатын жеке қосымшада айқындалатыны атап өтілді.

Сонымен қатар құжатта қазір Израиль әскерінің бақылауында тұрған екі ауданды Ливан билігінің бақылауына беру қарастырылған. Олардың нақты қай жерде орналасқаны айтылмайды.

Келісімде «Хезболлахты» қоса алғанда, қарулы топтар тарапынан төнетін қауіптерді жою Израиль қорғаныс армиясының Ливан аумағындағы қатысуын толық тоқтатуға жағдай жасауы тиіс екені де көрсетілген.

Наверх