Жасыбай көлінде су ортасында қалып қойған екі демалушы құтқарылды

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жағадан алыс кетпеуге және ауа райы мен өз мүмкіндіктерін ескеруге шақырды.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 04:27
Бүгiн 2026, 04:27
228
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде құтқарушылар судағы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алды.

ТЖМ мәліметінше, көлді патрульдеу кезінде сап-тақтамен жағаға өздігінен қайта алмай қалған екі демалушы анықталған. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оларды арнайы жүзу құралының көмегімен қауіпсіз жағаға жеткізді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарылған азаматтар көрсетілген жедел көмек үшін құтқарушыларға алғыс білдірді.

Осыған байланысты ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жағадан алыс кетпеуге және ауа райы мен өз мүмкіндіктерін ескеруге шақырды.

Наверх