Жер сілкінісінен кейін мамандар арнайы тексеріс жүргізді

Мамандардың зерделеуінше, жағдай тұрақты.

 pexels.com Кеше 2026, 22:51
Кеше 2026, 22:51
134
Фото: pexels.com

Жер сілкінісінен кейін ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексерді.

Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары араланып, олардың жай-күйіне мониторинг жүргізілді. Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қирау мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

Наверх