Алматы облысында бұрынғы шенеунік 20 млн теңге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Тергеу мәліметінше, күдікті ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 18:21
Бүгiн 2026, 18:21
365
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Алматы облысының Кеген ауданында 20 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен бұрынғы мемлекеттік қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл туралы аудан прокуратурасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы бас маманы. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол бұрын атқарған қызметі мен өзіне деген сенімді пайдаланып, кәсіпкерлерге мемлекеттен жер телімін алып беруге көмектесетінін айтқан.

Осыны сылтау еткен күдікті, прокуратураның мәліметінше, кәсіпкерлерден 20 миллион теңгеден астам қаражат алған.

Аталған дерек бойынша 2026 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Қылмыстық істі тергеу Кеген аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Наверх