Астраханьда жаппай уланудан кейін кемінде 12 адам ауруханаға түсті

Жаппай улану дерегінен кейін бірнеше адам медициналық көмекке жүгініп, олардың кемінде 12-сі ауруханаға жатқызылды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 19:50
Бүгiн 2026, 19:50
172
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ресейдің Астрахань қаласында қоғамдық тамақтану орындарының бірінен сатып алынған дайын тағамды тұтынғаннан кейін жедел ішек инфекциясы таралып, кемінде 12 адам ауруханаға жатқызылды.

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Зертханалық тексеру нәтижелері бойынша науқастардан сальмонеллез анықталған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, сырқаттану жағдайлары алып кетуге арналған тағам әзірлейтін қоғамдық тамақтану кәсіпорнының өнімдерін тұтынған азаматтар арасында тіркелген.

Жаппай улану дерегіне байланысты Астрахань облысы бойынша Ресей Тергеу комитетінің тергеу органдары процессуалдық тексеру жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Наверх