Елімізде бір тәулікте 13 орман өрті тіркелді

Мамандардың мәліметінше, барлық өрт ошақтары орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бірлескен жұмысының нәтижесінде дер кезінде анықталып, жедел оқшауланды.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 07:45
Бүгiн 2026, 07:45
186
Фото: depositphotos.com

Кеше, 26 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.

Өрттердің біреуі Ақмола облысында, біреуі Шығыс Қазақстан облысында, тоғызы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында, ал екеуі «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.

Мамандардың мәліметінше, барлық өрт ошақтары орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бірлескен жұмысының нәтижесінде дер кезінде анықталып, жедел оқшауланды.

Сонымен қатар, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының аумағында найзағайлы фронттардың өтуіне байланысты орман күзеті күшейтілген дайындық режиміне көшті.

Осыған орай жауапты мекемелер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, орман алқаптарында от жақпауға, темекі тұқылын тастамауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды. Орман өртінің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті екені ескертілді.

Наверх