Все новости за 2 сәуір 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Душанбе – Астана – Душанбе бағыты бойынша алғашқы рейс орындалды
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда. 2024 жылғы 2 сәуірде Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей тұрақты рейс ашылды. Рейс ашылуының ресми тұсаукесеріне Азаматтық авиация комитеті қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҚР СІМ Сириядағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды
ҚР СІМ баспасөз қызметі дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да су басу қаупіне байланысты мыңға жуық адамды эвакуациялау жоспарланып отыр
Шаған және Деркөл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қазіргі таңда Самал ауданы маңындағы саяжайларға су келіп жатыр.Сол себепті осы аумақта орналасқан Мичуринское, Объединённое, Ветеран, Звёздочка және т.б саяжайлар тұрғындарын эвакуациялау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Тұман, жел, көктайғақ". Астана мен еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
3 сәуірде Астанада және 11 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Ақмола облысының Жедел-құтқару жасағы 2 адамды су басқан карьерден эвакуациялады
Ақмола облысының Жедел-құтқару жасағы карьерден 2 адамды су басқан карьерден эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нұржігітов: Президент апаттан зардап шеккендердің залалын толығымен өтеуді тапсырды
Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Зардап шеккен ақтөбеліктер министрге сұрақ қойды
Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындары Су ресурстары және ирригация министріне көмек алу және су тасқыны жағдайы туралы сұрақтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үстел теннисі: Қазақстандықтар Хорватиядағы турнирге қатысады
Хорватияның Вараждин қаласында үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға алты қазақстандық спортшы қатыспақшы, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды
Алматы полициясы көктем, жаз мезгілдерінде жалпы қаладағы жол-көлік оқиғаларының жағдайына әсер ететін жекелеген көлік түрлерінің қозғалысын қадағалауды күшейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Инватакси қызметін 36 мыңнан аса адам пайдаланды
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 36 мыңнан астам тапсырыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Татарстанға шабуыл жасаған ұшқышсыз құрылғылар Қазақстаннан ұшырылған ба?
Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда су тасқынына қарсы дайындық іс-шаралары басталды
ТЖМ баспасөз қызметі Атырау облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа қанша оқушы баратыны анықталды
Жаңа оқу жылында 370 мыңға жуық қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада дзюдодан "Qazaqstan Barysy Grand Slam" турнирі өтеді
10-12 мамыр күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан әлемдік "Qazaqstan Barysy Grand Slam" турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Astana Run: елордада алдағы жексенбі күні желаяқтар жарысы өтеді
Елордада осы жексенбі яғни, 7 сәуір күні «Астана Триатлон» саябағында қаланың әрбір тұрғыны мен қала қонақтары қатыса алатын 5 шақырым қашықтыққа жүгіру және де балаларға арналған 400 м мен 1 км қашықтықтағы көктемгі жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Мүгедектікті белгілеу бойынша 22 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2024 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 22,3 мың өтінім қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Аймақтарға 100 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді
Өңірлерде тасқыннан зардап шеккендерге көмек жинау пункттерінің жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 736 азаматқа жәрдемдесті
Оның ішінде 263 бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Nazarbayev University-де Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бозымбаев: Қостанай облысын қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінеді
Қанат Бозымбаев Қостанай облысын қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарлық полицей су тасқынында зардап шеккен отбасына пана болды
Ертіс өңірінің тәртіп сақшысы Ақтоғай ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмек қолын созды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін – аутизм туралы ақпарат тарату күні. Жұрт нені білуі керек?
Павлодар облысында «аутизм спектрінің бұзылуы» диагнозы қойылған 503 бала бар. Бұл санаттағы жеткіншектерді оңалту үшін «Қамқорлық» бастамасы жүзеге асырылуда. Бүгін әлем елдері аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күнін атап өтуде. Әлеумет аутизм туралы не білу керек? BAQ.KZ тілшісі мамандардың пікірін біліп көрді.
-
800-ден аса еңбек мигранты еліне қайтарылды
Шымкент қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасын талдау шеңберінде шетел азаматтарының жалған медициналық анықтамалар мен сақтандыру полюстерін ұсыну фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында 150 тонна инертті материал төселді
Павлодар облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. Республикалық жолдар ашылды ма?
"ҚазАвтоЖол" ҰК республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде қанша дене шынықтыру мен жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді
Қазақстанда 67 мыңнан аса дене шынықтыру қызметкері және 15 мың жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістандық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына келді
Түркістандық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Сенатта Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмолада ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі барымташы ұсталды
Ақмола облысының прокуратурасының үйлестіруімен мал ұрлаушылар ұсталып, сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысы. Қосқұлақ және Бүйрек елді мекенінің тұрғындарын эвакуациялап жатыр
ТЖМ Атырау облысындағы су тасқыны жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстаулық құтқарушылар Ақтөбе және БҚО-да су тасқыны салдарын жоюға қатысты
Маңғыстаулық құтқарушылар Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Қазақстанда үшінші апта қатарынан азық-түлік бағасы қымбаттамады
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеме жасады
Мал азығы жетпей жатса қайда хабарласу керек?
-
Қазақстан Аустрияның зорлық-зомбылыққа қарсы тәжірибесін зерттеп жатыр
Венаға отандық «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» атты қоғамдық маңызы зор жобасының жұмыс тобы барды.
-
Жолдарды жөндеу үшін қанша қаржы бөлінеді
Қаржы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізілетін Үкіметтің қаулысын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Борлы өзенінде суға батқан ер адамдарды іздеп жатыр
Борлы өзенінде суға батқан ер адамдарды іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да республикалық маңызы бар жол қалпына келтірілді
2024 жылғы 1 сәуірде сағат 18:30 шамасында Батыс Қазақстан облысы республикалық маңызы бар «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» тас жолының 35-шақырымында еріген қар суының салдарынан жол төсемін су басып, оның бұзылуына әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық қызметкерлерде шетелдік тәлімгерлер болады
Не өзгереді? Талап қандай?
-
Елорда әуежайының жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық қобызшы Димашпен бірге Венгрия мен Түркияда өнер көрсетеді
Қазақстандық қобызшы Олжас Құрманбек Димаш Құдайбергенмен бірге Венгрия мен Түркияда өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытау облысында бір табын жылқы құтқарылды
Ұлытау облысындағы құтқару жұмыстары туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында қарғын су шайған жолдар қалпына келтіріліп жатыр
Өңірде су тасқынынан кейін жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қостанай облысында табиғи апатпен күрес жалғасып жатыр
Су тасқыны кезінде облыста 1276 адам, оның ішінде 408 бала құтқарылды, оның ішінде 553 адам әуе жолымен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Ақтөбе облысында эвакуациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр
Ақтөбе облысында эвакуациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аллергиядан қалай құтыламыз - аллерголог маман кеңес береді
Көктем келісімен көпті сергелденге салатын аллергияның түрлері мен одан құтылу жолдары туралы аллерголог маманмен әңгімелестік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шетелдегі ұшан теңіз ұлттық мұра зерттеуді қажет етеді
1 сәуірде Сыртқы істер министрлігіне қарасты "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ұлттық музей бірлесіп ұйымдастырған "Өзбекстан қазақтарының рухани мұрасы: жинау, сақтау, зерттеу" атты жобасының қорытындысы талқыланған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Әр бала мектепке баруға лайықты". Ерекше балалар ортаға қалай бейімделеді
2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі елордадағы №95 мектеп-лицейінде ашылған инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен танысты.
-
"Су тасқыны жазықтан келеді деп күтпедік". Вице-министр еліміздегі ахуал туралы айтты
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқы тасқын қаупі жазықтан келеді деп күтілмегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтар 1,4 млн теңгеге жуық сыйақы алды
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған алматылықтар 1,4 миллион теңгеге жуық сыйақы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Суға өздері кірді". Вице-министр Аягөз ауданында трактормен суға батқандар туралы айтты
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Аягөз ауданында суға кеткен екі адамға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 1 мамырдан бастап жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Dala Dauysy республикалық конкурсына құжат қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанры бойынша шығармаларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау және насихаттау мақсатында, Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте есірткі таратумен айналысқан отбасы сотталды
Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
ЖЭО мәселесі. Министрлік 8 қазандық пен 11 турбинаны жөндейді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев монақалалардағы жылу орталықтарын жөндеуге ерекше назар аударылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздің қай өңірлерінде су тасқыны қаупі сақталады?
Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 10 өңірде су тасқыны қаупі сақталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда су полициясы тұрғындарды эвакуациялауға жәрдемдесуде
Қызылқоға ауданында тасқын су айналма жолды шайып кетіп, бір шақырымнан астам қашықтықта жол қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмолада су құрсауында қалған түйелер құтқарылды
Ақмола облысының Тайтөбе ауылында құтқарушылар судан 6 түйені құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Синоптиктер алдағы жаз қандай болатынын болжады
Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылдың көктем және жаз айларына арналған маусымдық ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдан 100 шақырым аумақта жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Су алған үйлерге қанша қаржы бөлінеді? – министр жауап берді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су алған жерлердің құрылысы қалай жүретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Вице-министр: Су шайып кеткен үйлер қауіпсіз жерге салынады
Төтенше жағдай министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов су басқан үйлердің мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысында 51 305 текше метр су сорылды
Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сайтына сілтеме жасап.
-
Тоқаев жаңа қызметке тағайындалған экс-премьерді қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Комитет Каспийде итбалықтардың не себепті қырылғанын айтты
Балық шаруашылығы комитеті Каспий теңізінде итбалықтар не себепті қырылғанын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысындағы екі ауыл тұрғындары үйлеріне оралды
Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлап мониторинг жүргізді
Шығыс Қазақстанның су тасқыны қаупі бар жерлерді әуеден барлап қарау 01 сәуірде жүргізілді. Мониторингті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО ТЖ департаментінің бастығы Ерғали Бахаев және мүдделі органдар жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
"Ешкім назардан тыс қалмайды". Бектенов зардап шеккен тұрғындар жайлы айтты
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны шараларына байланысты бірнеше министрлікке тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
-
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Министр: Астана іргесіндегі елді мекендерде су тасқыны болуы мүмкін
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Астананың маңындағы елді мекендерде су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы су тасқыны қауіпті учаскелерді тексерді
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады
Президенттің жұмыс сапары 4 сәуір күніне жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін - Қазақстан әскери теңізшілерінің кәсіби мерекесі
1993 жылғы екінші сәуірде Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құтқарушылар батылдық көрсетіп жатыр - Үкімет басшысы
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов құтқарушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
-
Абайда барлық мектеп штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Абай өңірінде барлық білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Елімізде қанша үй су астында қалғаны айтылды
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов елімізде 1405 үй су астында қалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны: Алматыда 1 тоннадан аса гуманитарлық көмек жиналды
Қабылдау пункті аптаның соңына дейін өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны басталғаннан бері 16 мыңға жуық адам құтқарылды
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық ұланның 1100-ден астам жауынгері тасқынға тосқауыл болды
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Оралда су тасқыны қаупі бар – Қазгидромет
Бұл туралы Үкімет кулуарында "Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары Серік Сайыров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әзербайжанның Қарабақ жылқысы "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесіне қатысады
01 сәуірде "JORYQ" республикалық ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ағалар Атамоғлановпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 5 жыл бойы мемлекет қаражатын иемденіп келген жемқор есепші сотталды
Алматыда бас бухгалтер мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде доллар арзандап жатыр
Ұлттық банк 2 сәуірге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл әскери полицияның құрылғанына 27 жыл толады
1997 жылы Қазақстан Қарулы күштерінің әскери полиция органдары жасақталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда троллейбус өртенді
Алматыда Сәтпаевпен пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Шығын 591 млн теңге". Еуропадан әкелінген көліктер жалған құжатпен тіркелген
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті 83 ауыр салмақты көлікті бастапқы тіркеу үшін төлемсіз заңсыз тіркеу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкент қаласы аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды
Шымкент қаласы аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады
Қазақстанда мектеп оқушыларының білім сапасына баға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Адам ұрлап, несие рәсімдеткен: Алматыда қылмыстық топ құрықталды
Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда қар көшкіні болды
Тексеру жүргізу кезінде "Қазселденқорғау" мамандары Алматы облысы "Түрген – Батан”ауылы автожолының 23,4 шақырымында қар көшкіні болғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
АШМ: Тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік тауарлары су тасқынынан зардап шеккен жоқ
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин көктемгі тасқын судан зардап шеккен өңірлердің әкімдіктерімен, АӨК секторының қаржы институттарымен, "Атамекен" ҰКП және салалық мемлекеттік органдармен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Саясат Нұрбек Корея Республикасының білім вице-министрімен кездесті
Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің білім вице-министрі О Сеок Хванмен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көктайғақ, жел: 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер еліміздің аумағында 2 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.
-
Дәрігер: Кез келген аурудың тамырында психосоматикалық негіз бар
Адам тәні мен жаны өзара үндестікте жаратылғандықтан, әр дерттің алдымен эмоциялық көңіл күймен байланысты туындау себептерін, түпкі төркінін анықтау маңызды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Торғай өзенінің ағысы тексерілді
ТЖМ өртке қарсы қызметі төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев, ауданның әкімі Нұрлан Қызбергенов Торғай өзенінің ағысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
2 сәуірде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Су тасқыны: Әскери қызметшілер алдын алу шараларын жүргізуге көмектесті
Әскери қызметшілер алдын алу шараларын жүргізуге көмектесіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы тауларында қар көшкіні түсу қаупі бар
2-5 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайға және биіктігіне байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында 19 мың метр кубтан артық еріген су сорылды
Қарағанды облысының аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп күзетінде: ІІО-ның 4,5 мың қызметкері құтқару жұмыстарына жұмылдырылды
Су тасқыны кезінде полиция күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ойыл ауданына гуманитарлық көмек жеткізілді
Төтенше жағдай вице-министрі Серік Төленбергенов пен “Amanat " партиясының басшысы Ербол Данағұлов Ойыл ауданына барып, гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда
БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар және су тасқыны салдарын жою жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх