Қазақстандық қызметкерлерде шетелдік тәлімгерлер болады

2 Сәуір 2024, 16:21
287
Бөлісу:
Қазақстандық қызметкерлерде шетелдік тәлімгерлер болады
Фото: primerminister.kz

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәлімгерлік жұмыс беруші шетелдік қызметкерді тартқан кезде жүзеге асырылады.

Қазақстандық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында алты айдан он екі айға дейінгі кезеңге тәлімгер бекітіледі.

Тәлімгерді бекіту және оны ауыстыру жұмыс берушінің актісімен оның жұмысқа кіріскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.

Қызметкерге (қызметкерлерге) бір тәлімгер бекітіледі, бұл ретте қызметкерлердің саны тәлімгердің жұмыс жүктемесіне (негізгі жұмысына) сүйене отырып айқындалады.

Тәлімгерлік мыналарды:

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына сәйкес бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттағы шетелдік жұмыс күші қатарынан тәлімгерді бекітуді;

2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Тәлімгердің жұмыс жоспарын іске асыруды;

3) тағылымдамадан өтушінің Жоспардың іске асырылуы туралы есеп жасауын қамтиды.

Жұмыс берушіге қойылатын талаптар:

1) шетелдік қызметкер тәлімгерлік жүргізу кезеңінде Жоспарда шетелдік қызметкердің тәжірибесін, құзыреттерін, дағдыларын беруді қамтамасыз ететін, оны Қазақстан Республикасына тартуға негіз болған шараларды көздейді.

2) тәлімгерлер мен қызметкерлер үшін жұмыс тәжірибесін беру бөлігінде жағдай жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды.

3) шетелдік қызметкерден алған тәжірибені қазақстандық қызметкерлерге таратуға ықпал етеді.

Тәлімгер:

1) қызметкердің Жоспарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

2) қызметкерге кәсіптік дағдылар мен білімді дамытуға көмек көрсетеді;

3) қызметкердің қиындықтарды еңсеру, атқаратын лауазымына сәйкес жүктелген міндеттердің кез келген жағдайларда дербес және сапалы орындау қабілетін дамытады;

4) қызметкермен және/немесе жеке коучингпен кәсіби әңгімелер өткізеді.

Қызметкер тәлімгерлік кезеңінде:

1) Жоспарды сапалы және уақтылы орындайды;

2) өзінің кәсіби және жеке дамуымен үнемі жұмыс істейді, тәлімгерден тәжірибе жинақтайды;

3) әдістемелік семинарларға, шеберлік сыныптарына және тренингтерге қатысады.

Қызметкер тәлімгерлік аяқталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын тәлімгерге Жоспардың іске асырылуы (еркін нысанда), тәлімгерлік кезеңінде тапсырмалардың, алған білімдері мен дағдыларының орындалуы туралы есепті, тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша ескертулер мен ұсыныстарды дайындайды және ұсынады.

Тәлімгер тәлімгерлік аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қызметкерге Жоспарды, өзге де тапсырмаларды орындау нәтижелері, оның кәсіби білімінің деңгейі, дағдылары мен машықтарын дамыту, қызметтік міндеттерін өз бетінше орындау қабілеті, қызметтік құжаттаманы дайындау сапасы көрсетілетін мінездемені (еркін нысанда) дайындайды.

Сипаттама мен Жоспардың іске асырылуы туралы есепті тәлімгер тәлімгерлік аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тәлімгерлік ұйымдастырылған кәсіпорынның кадр қызметіне жібереді.

Өзгелердің жаңалығы