Оралда су тасқыны қаупі бар – Қазгидромет

2 Сәуір 2024, 10:22
894
Бөлісу:
Оралда су тасқыны қаупі бар – Қазгидромет
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Үкімет кулуарында "Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары Серік Сайыров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Жайықта су деңгейі қазірдің өзінде көтеріліп жатыр.

Алдағы уақытта су тасқыны Қостанайдың орталық және батыс бөлігінде бір-екі күнде болады деп күтіліп отыр. Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі басталады. Ол судың көзі Ресей территориясынан келеді. Өйкені ол жақтағы су қоймасы толып, суды түсіру процесі жүргізіліп жатыр. Оралға келесі апта үлкен су келуі күтіліп отыр. Осы аптаның аяғында болуы мүмкін. Жайық өзені қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Ресей мамандары бізбен байланыста және күнделікті ескертіп отыр, - деді "Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы