800-ден аса еңбек мигранты еліне қайтарылды

2 Сәуір 2024, 18:42
542
Бөлісу:
800-ден аса еңбек мигранты еліне қайтарылды
VIDEO
Фото: kursiv.media

Шымкент қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасын талдау шеңберінде шетел азаматтарының жалған медициналық анықтамалар мен сақтандыру полюстерін ұсыну фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 815 шетелдік азаматқа еңбек қызметіне заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, елден шығарылды.

Сонымен қатар Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы мен маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бұдан бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған 6 мыңнан астам еңбек мигранттарына қатысты осындай бұзушылықтар анықталды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында уәкілетті орган «Qr»коды арқылы тексерілгеннен кейін ғана медициналық анықтамаларды қабылдау тәжірибесін енгізді.

Өзгелердің жаңалығы