Су алған үйлерге қанша қаржы бөлінеді? – министр жауап берді

2 Сәуір 2024, 12:41
1239
Бөлісу:
Су алған үйлерге қанша қаржы бөлінеді? – министр жауап берді
Фото: BAQ.KZ -архив

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су алған жерлердің құрылысы қалай жүретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда бүкіл әкімдік тиісті ақпаратты жинайды. Осыдан кейін біз жиналған ақпаратты қарастырамыз. Алдымен қаражатты жергілікті бюджеттің есебінен бөлінеді, одан кейін республикалық бюджет қаражатын қарастырамыз, - деді Шарлапаев Үкімет отырысынан соң өткен брифингте.

Министр салынатын бір үйдің бағасы 22 млн теңге болады дейді.

Бір бөлмелі және 2 бөлмелі үй болады. Бір үйдің бағасы 22 млн теңгеге келеді. Сонымен бір шаршы метр 281 мың теңге, одан кейін үйлерді жаңадан тұрғызу үшін осы қаражатты жұмсаймыз. Қазір нақты үйлердің саны белгісіз. Сіз көріп тұрсыз ғой. Жергілікті атқарушы билік бүкіл ақпаратты жинайды. Одан кейін біз тиісті ақпаратты бөлеміз. Үйдің бағасы 22 млн теңге болуы мүмкін. Осындай бағаны бекіттік, - деді Құрылыс министрі.

Өзгелердің жаңалығы