Ұлытау облысында бір табын жылқы құтқарылды

2 Сәуір 2024, 16:03
316
Бөлісу:
Ұлытау облысында бір табын жылқы құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ұлытау облысындағы құтқару жұмыстары туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31 наурызда сағат 21:30-да Талап ауылынан 10-12 шақырым жерде Кеңгір өзенінің бойында жылқы табыны судан шыға алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 1 сәуір 2024 жылы 08:46 сағ ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 4 адам мен 1 техника шықты. Сағат 15:10-да Талап ауылы бағытына қарай 25 бас жылқы қауіпсіз жерге айдалды.

Еріген су салдарынан жолда көлік қозғалысының қиындауына байланысты, Мибұлақ ауылының тұрғыны медициналық көмекке жүгінді. Оқиға орнына ТЖД және ПД күштері мен құралдары, сондай-ақ дәрігерлер жіберілді. 2 сәуір сағат 01:35-де науқас және фельдшер Жезқазған қаласына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы